Өмір өзегі
Бұл бетте «Өмір өзегі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өмір туралы өлең берілген.
Министр де, академик, ғалым да,
Бәрі шәкірт ұстаздардың алдында.
Ойлан, шәкірт!
Тырыстың ба намысқа?
Ұстазыңның жүрегінде қалдың ба?!
Ұстаз сенің өміріңнің өзегі,
Нағыз ұстаз -
Өнер - білім өзені.
Ұрпақ үшін ағарса да самайы,
Қандай бөгет кездессе де, төзеді.
Ұстаз - ұйтқы,
Алып шығар қорлықтан,
Өнегелі өміріне болдық таң.
Ыбырай мен Ахметтің үлгісі
Жанып тұрған шырақ
болар сондықтан.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі