Мектебім

Бұл бетте «Мектебім» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алтын ұям, ақ бесігім, мақтаным,
Сенен асқан құтты мекен таппадым.
Сен арқылы білім деген отаудың.
Қасиетті босағасын аттадым.

Жұлдыз болып жарық құйдың санама,
Жақсылықты ұмытуға бола ма?!
Шәкірттерге бұлағыңнан нәр бердің,
Әз анадай ақ сүт берген балаға.
Әлі есімде үнілгенім картаға,
Сабақ айтып тұрған кезім ортада.
Бір балақай отыр ма екен жыр жазып,
Бір күндері мен отырған партада.
Баспалдағым болып едің өмірде,
Саған деген алғысым көп көңілде.
Арманымды аялаған мектебім,
Қалдың орнап жүрегімнің төрінде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері