Өмір және көңіл
Бұл бетте «Өмір және көңіл» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өмір туралы өлең берілген.
Автор:
Ел айтқандай: «көзім – қорқақ, қол – батыр»,
Бар өмірім алақандай қолда тұр.
Жиегінде жалғыз шынар саялы,
Карсы алдымда жалғыз қасқа жол жатыр.
Шынарымның өр көңілі тауға асьқ,
Жолдар болса жатыр берік жалғасып.
Олар – өмір, шынар – көңіл секілді,
Не туралы жатыр екен дауласып?!
Жол:
Көкке бойлап, асқақтаған шынарсың,
Тым биікке неге сонша құмарсың.
Асқанға да тосқан бар ғой, бір күні
Дауыл соқса, құлайтұғын шығарсың.
Саған қарап жатып іштей таң қалам,
Ерке қылып өсірген бе паң далам?!
Шынар:
Өстім демен маңдайыма бақ дарып,
Тұрған жокпын биікпін деп мақтанып.
Ұзынынан жерде сұлап жатырсың,
Көрінгеннің аяғына тапталып.
Кәдесіне жарасаң да еліңнің,
Ширегіме татымайсың менің бір.
Көру үшін ұлылығын жерімнің,
Келер еді биік болып көрінгім…
Жол:
Шынар!
Сені ағаш дейді ел көркі бар,
Көмегімсіз саяңа елді келтір, ал .
Адам мені өз қолымен жасады,
Енді қанша таптаса да еркі бар.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі