Жер басқанға қызынып
Бұл бетте «Жер басқанға қызынып» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер басқанға қызынып,
Мас болады – бірісі.
Барған сайын бұзылып,
Ластанады – бірісі.
Адам менен қоғамның
Айырмасы нольге тең:
Таза мұндар боп алдым –
Кем құрсақты, кең көтен.
Емсіз дертке ұрындым –
Рухани көрсоқырмын:
Құр қарманып –
Ұлымның
Өлігінде отырмын!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі