Қара тасты қақ жарып,
Гүл өсіпті қылтиып.
Қарап тұрдым таң қалып,
Көргенімнен сыр түйіп.
Қысты қуған көктемдей,
Міне, қандай құштарлық?!
Лықсып, сыртқа тепкендей
Бойындағы күш барлық.
Атылмай ма жанартау,
Жер астынан бұлқынып.
Болмасаң тек самарқау,
Сен де өсерсің құлпырып.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі