Тырналар
Бұл бетте «Тырналар» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктем күні көптен күткен
Әкелгендей бір хабар,
Шайдай ашық зеңгір көктен
Тыраулайды тырналар.
Айтыңдаршы, қайтқан құстар,
Қандай жерден өттіңдер,
Күйге құмар, әнге құштар,
Қандай елге жеттіңдер?!
Қандай белде, қандай шөлде,
Қандай елде болдыңдар?!
Аялдамай айдын көлге,
Қайда барып қондыңдар?!
– Көрдік үлкен өзендерді,
Асқар таудың шыңын да,
Астық талай кезеңдерді,
Көрдік шөлдің құмын да.
Талай елді басып өтіп,
Туған жерге келеміз.
Әнімізді шашу етіп,
Өзен, көлін көреміз.
Көз алдыңнан нуы көшкен,
Көрікті жер көп дейді.
Бірақ, бірі туып-өскен
Мекеніңе жетпейді.
Көктем күні көптен күткен
Әкелгендей бір хабар,
Шайдай ашық зеңгір көктен
Тыраулайды тырналар.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі