Пингвин

Бұл бетте «Пингвин» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қара шапан, ақ көйлек,
Бойларына шақ көйлек.
Бір көргенде ойлайсың,
Қанаттары жоқ қой деп.
Жан-жағына алаңдай,
Мұзды таудан асады.
Жаяу жүрген адамдай
Балпаң-балпаң басады.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері