Науырзым қорығында
Бұл бетте «Науырзым қорығында» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Науырзымның қорығы,
Құстың құтты орыны.
Әупілдектің жаңғырып
Шығып жатыр зор үні.
Тырна жүрсе жағада,
Шабақ аулап шағала,
Ұшып жатыр қиқулап
Шүрегейлер көкала.
Айдын төсі жарқылдап,
Үйрек-қаздар қаңқылдап,
Жан-жағымнан құс үні
Естіледі саңқылдап.
Қамыс, қоға сыбдырлап,
Бозторғайлар шырылдап,
Көктем ерте келді деп
Бақа жатыр құрылдап.
Көл маңайы, аймағы
Қонған құстың ойнағы.
Бұзылмаған жер осы
Табиғаттың қаймағы.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі