Бүркіт жасы

Бұл бетте «Бүркіт жасы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біліп алшы, балақан,
Бірде бүркіт – балапан.
Екі жаста – қантүбіт,
Ұстау қиын алақан.
Үш жасында – жас тірнек,
Төрт жасында – тастүлек.
Қонып тұрса тұғырда,
Берік ұстар қас білек.
Бес жасында – мұзбалақ,
Алты жаста – көктүбіт.
Аңшы жүрсе із қарап,
Аң алуға көп үміт.
Қана – жеті жасында,
Жаңа – сегіз жасында,
Тоғыз жаста – майтүбіт,
Бүркітшінің қасында.
Бозым – онға толғанда,
Баршын – он бір болғанда.
Лақса – он екіде,
Кежір тартып, қартайып,
Болады екен арманда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері