Дүние кезек

Бұл бетте «Дүние кезек» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Маңқасқаның ісі қатты,
Ақ қанденге тісі батты.
Тегешке әкеп құйған асты
Оған бермей ішіп апты.
Бір күндері күші қатты
Тарғыл төбет ұшырапты.
Тамағынан жұғын да жоқ,
Түк қалдырмай ішіп апты.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері