Бояулар
Бұл бетте «Бояулар» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алуан түсті ажырата білемін,
Сан бояумен сурет салып жүремін.
Жасыл түспен боялыпты атырап,
Жасыл шалғын, жасыл барлық жапырақ.
Әппақ қарды балаймын ақ мақтаға,
Екі көзім қарақаттай қап-қара.
Жердің жүзі жадыраса көктем кеп,
Аспан пен жер болады екен көкпеңбек.
Қызыл гүлдер қалада да өсе ме,
Қызыл көйлек киіп шықтым көшеге.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі