Қызыл

Бұл бетте «Қызыл» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қуантам деп анамды,
Алдым қызыл қаламды.
Қызыл гүлдер құлпырған
Жайлап жатыр ғаламды.
Қызғалдақтың суреті
Қызыл түстің құрметі.
Толды қызыл гүлдерге
Дәптерімнің бір беті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері