Қу екен!

Бұл бетте «Қу екен!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Салдым аю суретін,
Адымдап ол барады.
Маған келіп жүретін
Қызықтырдым баланы.
Ол да, бірақ, саспады.
«Бар өнерің сол ма?» – деп,
Сызып-сызып тастады:
«Қамап қойдым торға!» – деп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері