Қылқалам
Бұл бетте «Қылқалам» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қолымдағы қылқалам
Суретшіге – бір қалам.
Бұлбұл құстай көбіне
Шаттық әнін шырқаған.
Қысты салса қылқалам,
Қатты боран бұрқаған.
Жазды салса қылқалам,
Гүл шығады қырқадан.
Айтып жүрген шырқап ән,
Елім тыныш, жұрт аман.
Бейбітшілік елшісі –
Кептер сынды қылқалам.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі