Сызық

Бұл бетте «Сызық» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сыздым тура сызықты,
Әкем оған қызықты.
Сыздым қисық сызықты,
Анам оған қызықты.
Кейде мен де қызықпын,
Ирек-ирек сызыппын.
Әп-әдемі суретті
Сүйтіп, өзім бұзыппын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері