Портрет
Бұл бетте «Портрет» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көрдім аға келбетін
Талай тағдыр тоғысқан.
Салдым ата суретін
Аман қайтқан соғыстан.
Қанша бейнет көрсе де,
Ашық екен қабағы.
Талай жасқа келсе де,
Мейірімді жанары.
Отыр міне балдағын
Қолтығына ол тіреп.
Жақсы атаны салғаным
Болып шықты портрет.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі