Ұят қылық жасама

Бұл бетте «Ұят қылық жасама» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Оттан аттама,
Қиды таптама,
Көзге мақтама,
Езді жақтама.
Тойып, кекірме,
Текке лепірме,
Тұрма талтайып,
Жерге түкірме.
Қашпа тасаға,
Керме босаға,
Ұят болатын
Қылық жасама!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері