Соңғы тілек
Бұл бетте «Соңғы тілек» атты Оразбай Сарыбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айлы жаздың кешінде,
Кездестік біз екеуміз.
Өкінеміз несіне,
Жолы бөлек екенбіз.
Сүйгені үшін күнәһар,
Боп көріндік тағдырға.
Жалғыз қалды жас жүрек,
Жүрегіңді жазғырма.
Қол жетпейтін арманым,
Сенде қалды бар бағым.
Сенсіз сөніп барады,
Бақыт толы таңдарым.
Бізге жетпей қалғаны
Махаббат па, мезгіл ме?
Көзге сыймас сағыныш,
Сен де сездің бе?
Түсім емес, өңімде,
Бейнең жүрер көңілде.
Бақытты бол, сүйгенім,
Ендігі өмірде.
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі