Жайлау төсінде

Бұл бетте «Жайлау төсінде» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сый ұсынды дос дархан,
Ол бұл сыйдан бас тартты.
Жайылған соң дастархан,
Ақсақалға бас тартты.
Ақ сақалды атамның
Малы өрісте жайылды.
Қойды баққан шопанның
Аты алысқа жайылды.
Қалай тыныш жатамыз?
Көкем қозы қайырды.
Тамақ жасап апамыз,
Дастарханы жайылды.
Бата беріп атамыз,
Дастарханды қайырды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері