Тіл сабағы (Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» кітабының ізімен)
Бұл бетте «Тіл сабағы (Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» кітабының ізімен)» атты Ақылбек Шаяхмет жазған тіл туралы өлең берілген.
Зат есімдер
Ауыл.
Қала.
Жауын.
Бала.
Сарай.
Қора.
Ара.
Сона.
Есім сырын
Зерттеп қара.
* * *
Есімдік
Мен келдім.
Сен бердің.
Ол көрді.
Біз сендік.
Айта алатын дөп,
Есімдіктер көп.
* * *
Етістік
Сыртта Баян жүр.
Бұрышта Аян тұр.
Нұрбек отыр төрде.
Ермек жатыр жерде.
Көрсең соның бәрін,
Біл етістік мәнін.
* * *
Одағай
Болса да алақай,
паһ-паһ!
Болмасын піш-піш,
қап-қап!
Пай-пай, па, шіркін,
ой-хой!
Отырмын жалықпай жаттап.
* * *
Қос сөздер
Тарсыл-гүрсіл,
Салдыр-күлдір не керек,
Дабыр-дүбір,
Қаңғыр-күңгір не керек,
Самбыр-күмбір,
Шалдыр-шүлдүр не керек?
Балдыр-былдыр
Бәрінен де керемет.
* * *
Түбір сөздер
Төл-ден – төлдеп,
Шөл-ден – шөлдеп,
Өр-ден – өрлеп,
Төр-ден – төрлет.
Бар-дан – барған,
Кел-ден – келген.
Ал-дан – алған,
Бер-ден – берген.
Көз-ден – көздеп,
Өз-ден – өзбек.
Айта берсек,
Түбір сөз көп.
* * *
Сан есімдер
Бір дегенде – бір жасадым,
Екі десем – екі асадым.
Үш дегенде – кезек бердім,
Төрт дегенде – төрт көз түгел,
Тосын жайға төтеп бердім.
Бес дегенде – бересім жоқ,
Алты десе – аласым көп.
Жеті десем – желіп өттім,
Жеті бірдей белден астым.
Сегіз десем – сегіз қырлы
Өнеріммен өрге бастым.
Тоғыз десем – тоқсан жолдың
Қиылысқан жол торабы.
Он дегенде – он саусағым
Барлық санды толтырады.
* * *
Сын есім
Жақсы ма, әлде жаман ба?
Мағынасын білесің.
«Қандай?» деген сауалға
Жауап берер сын есім.
* * *
Үстеу
Келмеймісің кел десе,
Бармаймысың бар десе,
Бері келдім мен кеше,
Әрі кетті ол ендеше.
Үйреткенде мұғалім,
Санасы бар ұғады.
Сөз артына сөз қоссаң,
Үстеу болып шығады.
* * *
Демеу
Әйтпесе, әлде, немесе,
Не ол, не мен демесе,
Сөз жүйесі келмейді,
Естіледі өзгеше.
Тұрса сөздің алдында,
Сөйлемдерді жалғайды.
Тұрса да сөз артыңда,
Демеу сөзсіз болмайды.
* * *
Жалғаулық
Күштімен күреспе,
Мықтымен тіреспе,
Сөздегі жалғаулар
Жалғаулық емес пе?!
* * *
Тасымал
Жазған сөзің сол жолдан
Кетсе қайттің асып ал.
Сөз симаса, мұндайда,
Көмектесер та-
сы-
мал.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі