Қайран, бауырларым!
Бұл бетте «Қайран, бауырларым!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ісің түссе әлдекімге,
Көкірегіне жел бітетін,
Келген жанды сәлемдесіп
Босағада телміртетін,
Кеңсесінде кісімсінген
Қылпылдаған қырт екен.
Елдің қамын ерте ойлайтын
Көз үстіндегі қас па десем,
Мұрын астындағы мұрт екен.
Домаламай өрге тасың,
Уайымың болып басым,
Қысса етігің аяғыңды,
Кең дүния да тар екен.
Тасты жерде таға болған,
Қысылғанда пана болған,
Қамқа тонға жаға болған
Ағалар да бар екен.
Қайран, асыл ағаларым!
Үлде менен бүлде киіп,
Қасын керіп күпінгенді,
Елден ерек күтінгенді,
Ел шетінде, жел өтінде
Желге қарсы түкіргенді
Көрдік бәрін, үндемедік.
Ел білгенді білмесек те,
Озған ерді күндесек те,
Аярларды тілдемедік.
Сонда қайсы ұтқанымыз,
Шың басына шыққанымыз,
Қандай пайда тапқанымыз,
Түнде жортқан аш қасқырға
Құрылды ма қақпанымыз?!
Көргенсізді көрген дедік,
Аққуды атса мерген дедік,
Атқа шапсақ, тақым босап,
Ер үстінде ербеңдедік.
Қайран, қазақ бауырларым,
Біз не деген шерменде едік?
Болып сауда, өтті жасым,
Талай дауда кетті басым,
Бойға құт боп тарады ма
Жиын-тойда ішкен асым,
Тұрсам-дағы қай қалада,
Атқан оғым айдалаға
Қаңғып кетіп, өсек сөзден
Ағарды ғой сақал-шашым.
Қайран, асыл ағаларым!
Жүрген жоқсың соны білмей,
Іні болдым, інге кірмей,
Аспандаса ағаларым,
Аспанды да жағаладым,
Әлім біліп, тыныш жүрмей.
Жырлап өтем бас иетін
Халқымыздың қасиетін.
Асан да айтқан базынасын,
Абай да айтқан өсиетін,
Айтып, бірақ, тауыса алмаспын,
Бұл қазақтың қасіретін…
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі