Шалдың аңғалдығы немесе Пушкиннің қатесі
Бұл бетте «Шалдың аңғалдығы немесе Пушкиннің қатесі» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бала кезде топтан озған
Ұйқы көрмей, анық шыным,
Көп оқығам Пушкин жазған
Ертегісін балықшының.
Соры қалың есі кірмей,
Шал-байғұста не кінә бар?
Бар қалауы кемпірінің
Екі еткізбей орындалар.
Айдын көлде асыр салған
Қандай ғажап алтын балық?!
Айтқан сөзі қабыл болған,
Не сұрасаң, берер тауып.
Кемпірде егер болса бәрі,
Шалды тіпті танымас та-ау.
Сонда тапқан олжа кәні?
Жыртық көрпе, жарық астау.
Қарап жүрген шекесінен
Кемпір тәуба қылуы үшін,
Таптым оның қатесін мен,
Шал-пақырға жылып ішім.
Алтын балық не береді?
Әр нәрсені қылмай ермек,
Шын тілеуі керек еді:
«Ақылы бар әйел бер!» – деп.
Бәлкім, шалдың аңғалдығы,
Ақын ба әлде қателескен?!
Кеп тұрады жаңалағым
Ертегімді жаттап өскен.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі