Тілегімді қабыл қыл!
Бұл бетте «Тілегімді қабыл қыл!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір деген – Жаратушы жалғыз ғана,
Екі – еркек, және әйел, ойлап қара.
Үш – ерлердің кезегі сөзге тоқтар,
Төрт деген – төрт құбыла жанға пана.
Бес деген – мұсылманның бес парызы,
Алты – аласы, болмаса еш қарызы.
Жеті тамұқ – мекені имансыздың,
Сегіз жұмақ – мүміннің басқан ізі.
Тоғыз – уақыт құрсақта жатқан бала,
Бісімілладан бақытын тапқан бала.
Он дегенім – екі қол тілек тілер,
Тілегімді қабыл қыл, Хақ-тағала!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі