Намаз

Бұл бетте «Намаз» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңілдің толтырғандай тайқазанын,
Намазға тұрған сайын бой жазамын.
Жүзімді құбылаға қаратқанда,
Бес мәрте жайылады жайнамазым.
Беріліп оқығанда таң намазын,
Едәуір жеңілдетем жан азабын.
Намазым қабыл болса бесіндегі,
Алланың көп күнәмді кешіргені.
Парызын орындасам екіндінің,
Жан-жүйем босап кеткен секілдімін.
Намазым оқылатын ақшамдағы,
Жемістей пісіп тұрған бақшамдағы.
Ұққанда қасиетін жасиықтың,
Ұлықтап Бір Алланы, бас иіппін.
Сондықтан қайда жүрсем, маза болмай,
Оқимын бес намазды қаза қылмай.
Көңілдің толтырғандай тайқазанын,
Намазға тұрған сайын бой жазамын.
Жүзімді құбылаға қаратқанда,
Бес мәрте жайылады жайнамазым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері