Ораза

Бұл бетте «Ораза» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауыз берік,
Сенім – көрік,
Жігер, ерік –
Ораза.
Тұнық бұлақ,
Салқын суат,
Дәтке қуат –
Ораза.
Жабық құлақ,
Жасыл құрақ,
Асыл тұрақ –
Ораза.
Тілге – тыйым,
Алған сыйың,
Күнде жиын –
Ораза.
Айтпай өсек,
Атпай кесек,
Қысты жеңу –
Ораза.
Таза жүру,
Көріп, білу,
Хаққа сену –
Ораза.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері