Қадір түнінде
Бұл бетте «Қадір түнінде» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Періштелер жерге түсіп,
Барлық шайтан қашқанда,
Келешекті кесіп-пішіп,
Телмірген бар аспанға.
Түңілген бар бұл өмірден,
Адасқан бар тұманда.
Дұға оқыса шын көңілден.
Қабыл қылар Бір Алла!
Жамағат көп тілек тілер,
Тартқан тағдыр азабын.
Хаққа сенер, қадір білер,
Көбейсе екен қазағым.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі