Қазақ киносының атасы (Абдолла Қарсақбаев)

Бұл бетте «Қазақ киносының атасы (Абдолла Қарсақбаев)» атты Nurtas_k11 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дәуір бізді тұрғанда сынағалы,
Жақсы ғой артта қалар мұра бары.
Бір ғасырды еңсеріп жатыр бүгін,
Қазақтың киносының ұлы адамы.

Естілгенде Жанардың жұмақ әні,
Көз алдымда Қожалар тұрады әлі.
Алты жасар Алпамыс жігіт болса,
Еске алыңдар, ескеріп бұл ағаны.

Фильмдері есімде әлі міне,
Тұнып тұрған бабалар тәліміне.
Қарсақбаев Абдолла ойландырған,
Баланы да, жасты да, кәріні де.

Тұтас алып бейнесін бір дәуірдің,
Киномыздың бағытын шыңға бұрдың.
Қанаттанып қаншама режиссерлар,
Алғысына бөлендің ұлдарыңның.

Қанша өнер жатты екен бір басыңда,
Заман үнін сыйғызып бір ғасырға.
Соның үшін қазаққа бағалысың,
Сыйлайды ұрпағың да, құрдасың да.

Жай отындай жарқ еткен жасындарға,
Тарих орын береді асылдарға.
Есімің ұмытылмай ел есінде,
Жалғасып жата берсін ғасырларға.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер