Қабірі белгісіз досқа – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қабірі белгісіз досқа» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3267
Өзіңді желден сұрадым,
Айтпады бір сөз ол өксіп.
Өзіңді көлден сұрадым,
Күрсіне берді дөңбекшіп.
Сұрадым барып орманға
Жоқ болды оның айтары.
Жапырағын шашып жолдарға
Ақырын басын шайқады.
Көрді деп ойлап биіктен
Қадалдым аппақ айға кеп.
Кеудені алған күйікпен,
Сұрадым сені қайда деп.
Теңселді орман жел теуіп,
Тірелді бұлтқа ай ұшы.
Ішімде жатты өртеніп,
Солардың барлық қайғысы.
Жел болып сонда жыладым,
Көл болып сонда мүлгідім.
Орман боп сонда шуладым,
Ай болып бұлтқа сүңгідім.
Ұрғандай түсіп сол бір сәт,
Найзағай оты төбемнен.
Көзімнен ұшып сел бұршақ,
Атылып жатты тереңнен.
Тым болмаса күліңді
Кетті екен қайда жел айдап!
Күндерді аңсап бұрынғы
Күңірене түстім сені ойлап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қабірі белгісіз досқа өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қабірі белгісіз досқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қабірі белгісіз досқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қабірі белгісіз досқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері