Алшы

Бұл бетте «Алшы» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кел, ойналық, балалар,
Әр асықта баға бар.
Ұта білген баланы
Әрбір бала бағалар.

Шиыр, кәне, асықты,
Таңда және қашықты.
Алшы тұрғыз сақаны,
Қаламаймыз жасықты!

Мына бала қайтеді...
Тұрғызды ғой тәйкені.
Сірә, өзі ұтқыш-ау,
Пысық екен, әй, тегі!

Басу қиын ұтқышты,
Мынау сақа бүк түсті.
Енді қара мынаған –
Анау сақа шік түсті!

Саспа, таста, балақай,
Асық озды, қара, қай.
Шиыр енді сақаңды –
Алшы түсті, алақай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері