Домбыра

Бұл бетте «Домбыра» атты Талап Таймасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бабаның күйі бар
Қос ішек үнінде.
Сазының сыйы бар
Өткен мен бүгінге.

Ұлтыңның сазы бар
Шанақта сақталған.
Тарихтың мәні бар
Күйінде ақтарған.

Қазақтың тілі бар
Пернеде тіл қатқан.
Бабаңның
Біліп ал
Мұрасын тыңдатқан!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері