Жаз демі
Бұл бетте «Жаз демі» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Кім сүймейді шуақты
Жазғытұры маздаған.
Жылы өлеңдер сияқты
Көңіліңді қозғаған.
Масайрасып бала мəз
Құшағында көктемнің.
Төңірегің толы наз,
Тамылжиды көкте күн.
Жасаңғырап жер өңі,
Жадырайды бусанып,
Жылы күндер демі оны
Жарылқайды соншалық.
Топырақ күші тарайды
Тамырларға дым тартқан.
Жаз жыпырлап қарайды
Сансыз түбір, бұтақтан.
Көгі майса тым балғын
Көбеймеген қуаты;
Жер бетіне құлағын
Жаңа түрген сияқты.
Төңірекпен танысып,
Сырын баққан сездірмей;
Мөлдіреген таңғы шық
Қарап тұрған көзіндей...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі