Омар ақын ағаға

Бұл бетте «Омар ақын ағаға» атты Ғали Орманов жазған поэзия туралы өлең берілген.

Тойыңызды торқалы
Құттықтаймын,
Ома екем!
Қуанышқа ортаны
Толтырған бір жолы екен.
Жеріңіз – кен сықаған,
Қыры астыққа толы екен.
Жайыңызды ұқса адам,
Қартайтпайтын сол екен.
Соны бірге толғаған,
Бақытыңыз мол екен.
Ойлағаны орнаған,
Арманыңыз жоқ екен.
Сексен жаста сермеген
Сіздей аға аз шығар.
Жырда дамыл көрмеген
Жаныңыз да жас шығар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері