Жан-жағым орман кең қаптал
Бұл бетте «Жан-жағым орман кең қаптал» атты Ғали Орманов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жан-жағым орман кең қаптал
Жайнаған жазғы үйімдей.
Жарысып аққан бұлақтар
Жамырап жатқан күйімдей.
Кілемнің түрі секілді
Құбылған алуан гүлдері.
Шертеді сырлар не түрлі
Сыңғырап бұлбұл үндері.
Жарқырай шығып бейуақта
Жанады маздап жұлдыздар.
Қарауылға ұсап жан-жақта
Қарайды биік шың-құздар.
Самалға шөлім қанғандай,
Сүйсініп кеуде тосамын…
Солардан теріп алғандай
Жырыма жолдар қосамын.
Қарайлап келген малшыға
Оқимын оны кей уақыт.
Қалаулы достар қасында,
Бар ма екен сондай зор бақыт!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі