Еліміз келген елуге

Бұл бетте «Еліміз келген елуге» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Еліміз келген елуге
Жиналдық түгел тойға біз.
Тұрғандай соның төрінде
Аламыз сені ойға біз.
Ақсуша жазған ағытып
Жырларың қозғар əркімді.
Қоңыртау бауырын жаңғыртып
Аттанар шырқап əніңді.
Таңдарда талмай самғаған
Ұмытпас ешкім үніңді.
Толғамас сені бар ма адам,
Торқалы тойда бүгінгі!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері