Қорлайды кейбір мінездер

Бұл бетте «Қорлайды кейбір мінездер» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қорлайды кейбір мінездер
Жанымды қатты түңілтіп.
Байқасаң етті бір мезгіл
Ойыңды сен де жүгіртіп.
Оңайға бойын көрсетпес
Орайы жоқта ол саған.
Өкінтпей түбі бос кетпес
Алаңсыз сенсең сонша оған.
Адымын əсте білдірмей
Ақырын саған тор құрар.
Сүйкеніп солай, тек жүрмей,
Жаныңды қатты тоңдырар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері