Өмірді сен көп көрдің, көп өткіздің
Бұл бетте «Өмірді сен көп көрдің, көп өткіздің» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірді сен көп көрдің, көп өткіздің,
Көрнектісін көп жерде сөзбен тіздің.
Қайдағы ойлар көңіліңді қозғайды кеп
Оқта-текте солардың көргенде ізін.
Қалмайды шет, қалтарыс онда əр тұрғы,
Жəне бітер жері оның жоқ ақырғы,
Жырыңда тек жүргені сүйкімді тым:
Үні, түрі, тынысы алуан түрлі.
Өмір бірақ өтпейді күнде бірдей,
Көрінгенмен көзіңе күндегіңдей...
Қайта оралмас шағыңды шашып алып,
Қай жерде тек қалғанын жүрме білмей!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі