ӘКЕ

Бұл бетте «ӘКЕ» атты Нұртас жазған әке туралы өлең берілген.

Жылуы жоқ жалғанның жамыларға,
Ей, өмірім, өр кеудең әлі бар ма?
Мен әкеме "әке" деп айтпағанмен,
Өкпең болса, өшпеген тағы бар ма?

Жеті өмір... күнәдан табы бар ма?
Жетесіздеу шұқима тағы қарға.
Он екімнің көктемін көпсіндің бе,
Екінші рет қалдырдың қарыларға.

Жыламадым сен кеткен өмірімде,
Қарадым бүкіл жанның көңіліне.
Тік ұстап жан дүниемді жоғалтпадым,
Иесіз қалды бүгін нөміріңде.

Ерте өсіп ақша бер деп тұрмадық,
Жүректегі үмітті көп тырнадық.
Тек асыңа келгенім еске түссе,
Сол күнді ұмытпаймын


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер