Өкініш

Бұл бетте «Өкініш» атты islyamaiganym жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өкініш…
Айтылмай қалған алғысым көп еді,
Жетпей қалдың соңғы қоңырауыма.
Бірақ әр сабағың, әрбір сөзіңіз
Мәңгілік болып қалды жүрегімде.

Сіз тек ұстаз емес едіңіз,
Қиын сәтте демейтін досым едіңіз.
«Сенің қолыңнан келеді» деген бір ауыз сөзіңіз
Маған талай үміт сыйлаған еді.

Байқауларға жетелеп, қанат қақтырдыңыз,
Арманыма сенуді үйреттіңіз.
Журналист боламын деген үміттің
Алғашқы шоғын өзіңіз жақтыңыз.

Өкініш…
Сіз менің мектепті аяқтағанымды көрмедіңіз.
Бірақ мен әр жетістігімді
Алдымен сізге арнаймын іштей.

Есіміңізді ешқашан ұмытпаймын,
Өйткені жақсы ұстаз уақытпен өшпейді.
Ол шәкіртінің жүрегінде өмір сүреді,
Жақсылық болып, үміт болып, арман болып.

Егер бүгін менің қолымнан бір нәрсе келсе,
Егер ертең мен жақсы журналист атансам,
Сол жетістігімнің ішінде
Сіздің де еңбегіңіз мәңгі сақталады.

Жатқан жеріңіз жарық, жаныңыз жәннатта болсын, Дария апай…
Мен сізді сағындым.
Сіз мені көрмесеңіз де,
Мен өмір бойы сіз мақтанатындай адам болуға тырысамын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер