Көздердің қарашықтары – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көздердің қарашықтары» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2312
Осы бір қара көздерде
Мейірім, жылы күлкі бар.
Атылар кейбір кездерде
Ашу бар,
аспан бұлты бар.
Жүгіріп жатқан ағын бар,
Құбылып жатқан сағым бар,
Сақылдап жатқан дауыл бар,
Лапылдап жатқан жалын бар.
Реніш, қайғы, рақым -
Тоғысқан барып әммесі.
Көз-айна толқып тұратын
Сезімнің бүкіл сәулесі.
Бар онда көктем гүлдері,
Бар онда ауа шықтары.
Адамның жанған күндері -
Көздердің қарашықтары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері