Тұғыры биік Тәуелсіздік

Бұл бетте «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты asel_ibragim жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

Елім,жерім,мекенім-қасиетім
Өтті-ау бастан қаншама қасірет күн?!
Қиындыққа мойымай,бар әлемге
Өрлігіңмен өзіңді қастерлеттің

Жазиралы кең байтақ жерің үшін,
Ат үстінде күн кешті батырларым.
Соры қайнап,қамыққан елі үшін,
Қанша адам жоғалтты жақындарын.

Орны толып,десек те өкініштің,
Азаттықтың ақ таңы жарқырады.
Еске салып,өткенді бүгін міне,
Жастарымыз болашаққа ұмтылады.

«Тәуелсіздік,бостандық» ұрандары,
Ту байлап, «тек алға» деп ұрандады.
Бірінші -Алла,кейінгісі -ұлы мақсат
Тілектері ерлердің орындалды.

32 жыл!Міне,бүгін азаттық!
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.


Талай ғасыр халқымыздың арманы,
Тұғыры биік Тәуелсіздік орнады.
Бейбітшілік болса егер елімде,
Тыныштық та мәңгі болар жерімде.

Шабыт келмей жатқан жоқ,өлең өрмей,
Елге есімің мақтан боп әуелердей.
Сенің ғұмырың Тәуелсіз бөлек ғұмыр,
Балғын жүрек шаттыққа бөленгендей.

Көз тартады аспандап
Сәулетіңде,мәдениеттің жарасқан дәулетіңде.
Қазақстан Тәуелсіз елім менің,
Сенен асқан ел жоқ-ау жер бетінде?!

Тәуелсіздік-бойдағы күш-жігерім
Бұдан асқан бақ бар ма Ұлы елім?!
Сақтап қалған мәңгіге бұл бақытты,
Ешқашан да бұл жолдан сүрінбегің!

Өр тұлғалы ерлердің жалғаушы ізі,
Мен боламын қазақтың қайсар қызы!
Жас жүрек азаттықты жырлап өтер,
Санамда тұр боздақтардың ерлік ісі


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер