Қызықтырды Шу бізді

Бұл бетте «Қызықтырды Шу бізді» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызықтырды Шу бізді
Қызғалдақтар көмкерген,
Екі жақтың ұл, қызы
Секілді гүл көтерген.
Ұқсайды екен тап соған
Көрінбесе де өздері,
Гүл құшақтап, шақырған
Елестейді көздері.
Соны өзіме ұсынса
Тұтқиылда не дер ем?
Жүрегімнің тұсына
Жырша қадап кетер ем


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері