Жорық жолынан
Бұл бетте «Жорық жолынан» атты Ғали Орманов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Жазу дəптерінен)
Қош айтыса, қол алып,
Қан майданға жол тарттым.
Келем деумен оралып,
Көңіліңді жұбаттым.
Қарай-қарай соңымда,
Қалдың ұзақ сен тұрып;
Жаның жүзе шер-мұңға,
Көзіңе жас толтырып.
Қабырғама батқандай,
Қанша ойланып мен кеттім
Кейде жауап тапқандай,
Көтеріле əндеттім:
«Жүрек сүйе білмесе,
Күресуге не күш бар?
Сүйгелі өмір сүрмесе,
Тіршілікке кім құштар?!»
Қара үзгемін жоқ əлі,
Қалғаныңмен жырақта.
Қош айтқаның сол əлгі
Жаңғырады құлаққа.
Көңілге алсам, аңсаған,
Қош-қош, қайран қимасым
Атыңды атап əн салған
Жадыңда сол жыр қалсын!
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі