Жүрек қалай кірлемейді?!
Бұл бетте «Жүрек қалай кірлемейді?!» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Мінсіз Құдай, кірсіз Ай…»
(халық мәтелі)
Қисық жолмен жүрме, мейлі,
Бұралаң көп өмірде.
Жүрек қалай кірлемейді,
Кірлеп кетсе тәнің де.
Тән мен жанды бір демейді,
Кім біледі түйінін.
Жүрек қалай кірлемейді,
Былғанса егер киімің.
Күйе жұқса үндемейді
Тамақ піскен лас қазан.
Жүрек қалай кірлемейді,
Толып кетсе асқазан.
Күл көп жерге кірме дейді
Ақылы бар балаға.
Жүрек қалай кірлемейді,
Сәуле түспей санаға.
Қайтпасам да алған беттен,
Құшағымды жая алсам,
Қандай бақыт кірлеп кеткен
Жүрегімді шая алсам…
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі