Атады таңым

Бұл бетте «Атады таңым» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүгенін шешіп қашырдым бүгін
Тұлпарын асау қиялдың.
Көтерер ме деп ғасырдың жүгін
Қондырдым бойға ұяң мұң.
Тұяғы тозып, құлады тұлпар
Қиялға құмды қаптырып.
Мөлт-мөлт жас тамып жылады тұлпар
Ізінде суық қақ тұнып.
Қиялым безді, күй-әнім қашты
Тұқыртты кешім төбемнен.
Көтерте де алмай зиялы басты
Тонаттым нәрді денемнен.
Батардай болса көктегі күнім
Атар ма ертең күліп таң.
Төнер ме тағдыр төккелі күлін
Өшіріп ойды жылытқан.
Атады таңым, атады әлі-ақ
Арамның күнін батырып.
Жаныма шуақ жатады тарап,
Қиял мен ойды шақырып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері