Мұңым көп

Бұл бетте «Мұңым көп» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мұңым көп,
түнім ұзақ ой қамаған.
Қажытты бір бітпейтін
той, тамадаң,
Ызың-шу ию-қию
миым шағып,
Білмеймін
бүркеп қойған қай томағам.
Шарпылды шоққа тәнім,
отқа жаным.
Зар илер.
кімді, нені жоқтап әнім?
Тілей ме көктің жерге құлағанын,
Көксей ме Күннің кенет тоқтағанын...
Қауышып қара көрдей
түнімменен,
Тірілтті тұнып жатқан мұңымды өлең.
Көз жастай тамып түскен жырларымнан
Ұқса ғой
ар, нәрім мен сырымды Әлем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері