Кім білген

Бұл бетте «Кім білген» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кім білген,
Білмес бәлкім масқараны,
Шаң қапқан
кәрілік боп қас-қабағы,
Шал-шауқан бәрін-бәрін басқарады.
Шырылдап сыртта шоршып жас қалады.
Сақалдарға ып-ыстық жас тамады.
Көрген кім,
көрмеген кім масқараны,
Тойшылдың шеке толы бас табағы.
Түнерген басқа жұрттың қас-қабағы,
Тойы көп болса-дағы аш қалады.
Аш баланы
жылатып аш қамады.
Кім білген
Мұны бұрын кім естіген,
«Бір ессіз артықтығын мың естіден
Дәлелдеп
Іштен шыққан сіресті дем.
… Бәрібір өмір шіркін – күрес білем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері