Жүйткі қаным!
Бұл бетте «Жүйткі қаным!» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қан жүгірді-ау тамырға,
Тигендей қол қамырға.
Жүгіріп кетсем жұлқынып,
Анау мен мынау таныр ма?
Жүйткі қан, тасы жаңылма.
Суыған тәнге жан кірді,
Соқты да жүрек, жаңғырды.
Көмейде тілім күрмелмей,
Өңештен лықсып ән күлді.
Жаңарып, жайнап сән кірді.
Қан жүгірт теп-тез тамырға,
Ауырма, жаным, ауырма.
Жетейін жортып ауылға,
Құшағым жайып бауырға
Өмір бер, төзем дауылға.
Ажал боп төнген сынақты,
Жеңдім-ау, жеңдім ракты.
Бітеліп қалған өңештен
Ағыздым өмір-бұлақты.
Күлдірлі тағдыр, жылатты.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі