Тар әлем

Бұл бетте «Тар әлем» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кең әлемім неге сонша тар екен,
Ән дегенім – төсті керген зар екен.
Туған жерін тулақ еткен аяусыз
Біздей сорлы қай бір елде бар екен?
Кең дүнием – кем дүнием тар екен.
Атамекен – жан жылытар ыстығым,
Ыстығыңды сұп-суық қып қысты кім?
Мұрасыздың моласына айналтып,
Азып-тозып, қашқан қалай ұсқының.
Ойранымен жайрадың ба күштінің?
Тар екен-ау, зар екен-ау жалғаның,
Сұм жалғанға сұр ғұмырды жалғадым.
Ата-жұрттың ата ғұрпын іздей ме,
Жер түбінен әрең жетті талған үн.
Көмейімде өксік қысып қалды әнім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері