Қаңтарымның қары
Бұл бетте «Қаңтарымның қары» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ыңылдап Жаңа жылдың аштым да әнін,
Тағы да қаңтарымның бастым қарын.
Аязды аңыраттым ішімдегі,
Аршып ап ой мен мұңнан бастың бәрін.
Қаңтар бұл қаңтарылған қиял құсым,
Тапқызбас сол құсыңа ұяңды ішің.
Құлы боп құнжындайсың құл тірлікте,
Ұры боп шыға келіп ұяң кісің.
Таптайсың мұз сүрлеуін мұз дененің,
Таппайсың көңіліңнің іздегенін.
Өртеніп кетер едің
оты да жоқ
Сарнауын күрсініспен үзді өлеңің.
Мазасыз уақыттың дегеніне,
Бас шұлғып пенде шіркін көнеді де,
Мүсәпір халге еріксіз енеді де,
Жарымай тақ пен Хақтың көмегіне.
Жыл басы деймін бе іштей қаңтарыма,
Отырмын үнсіз мүлгіп ақтарыла.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі