Көңіл өксігі
Бұл бетте «Көңіл өксігі» атты Софы Сматаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айтылар әнім айтылмай,
Астымда асау тай тулай,
Өкінген көңіл өксігін,
Жамбастап жатса Ай тыңдай,
Көкке ұшқан көңнің түтінін
Көзімен қарап үкінің,
Боздаған бозша даламның
Қайталап іштей үкімін,
Шыдам мен бітпес төзімнің
Астында қалдым, езілдім.
Мұңымен жаным сөгілсе,
Сергегін қайтем сезімнің.
Малы жоқ қаңсып қорасы,
Көзінен ағып сорасы,
Жалғыз үй қазақ бабаның
Күзетіп қалған моласын.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі